Каирова Шнар Галымовна

«6D060900-География» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Каирова Шнар Галымовнаның «Алматы агломерациясының жер ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Баймырзаев Куат Маратович – география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының академигі, И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, мамандығы 25.00.24.

Сапаров Абай Есболович – география ғылымдарының кандидаты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ филиалының агрохимиялық, топырақты зерттеу және жер-кадастрлық жұмыстары бойынша департамент директорының орынбасары, мамандығы 25.00.24.

Ғылыми кеңесшілері:

Сейфуллин Жумабек Тлеулиевич – экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Гельмут Фукс – техника ғылымдарының докторы, Табиғи ресурстар және жаратылыстану ғылымдары университетінің қауымдастырылған профессоры (BOKU), Вена қ,. Австрия.

Қорғау 2016 жылғы 21 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060900-География», «6D061000-Гидрология», «6D090200-Туризм», «6D060800-Экология» (географиялық ғылымдар) мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, география және табиғатты пайдалану факультеті, № 101 ауд.

Қорғау тілі: орысша.

Басылым күні :  19.11.2016