Аймаганбетова Зухра Кураниевна

6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Аймаганбетова Зухра Кураниевнаның «Сілтілігалоидты материалдардағы деформациямен ынталандырған люминесценция және радиациялық ақаулар» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс тілі.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кукетаев (Кокетай) Темиргали Абильдинович, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы (Карағанды қаласы, Қазақстан), мамандығы 01.04.10;

Алиев Баходир Азимджонович, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің бірінші проректоры, профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы (Алматы қаласы, Қазақстан), мамандығы 01.04.07.

Ғылыми кеңесшілері:

Шункеев Ш. К. – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы;

Максимова С. Я. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, физика –математика ғылымдарының кандидаты;

Grinberg М. – PhD, Гданьск Университетінің профессоры (Гданьск, Польша).

Қорғау 2016 жылғы 15 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техникалық физика», 6D071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 6D071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», 6D061100 – «Физика және астрономия»   мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  14.11.2016