Салмұрзаұлы Руслан

«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Салмұрзаұлы Русланның «Іле өзенінің дельтасының экожүйелерінің жағдайының трансформациясының үрдісі және себептері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Ситпаева Гульнара Тоқбергеновна – биология ғылымдарының докторы, 03.00.09, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының акдадемигі, ҚР БҒМ ҒК «Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры, Алматы қ., Қазақстан,

Крылова Виктория Сергеевна – география ғылымдарының кандидаты, 25.00.23 – физикалық география және биогеография, топырақ географиясы және ландшафт геохимиясы. ЖШС «География институтының ландшафттану және табиғатты пайдалану мәселесі зертханасының аға ғылыми қызметкері.

Ғылыми кеңесшілері:

Нұртазин Сабыр Темірғалиұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Бухо Хошино – PhD доктор, профессор, Қоршаған ортаны алыстан бақылау зертханасының меңгерушісі. Ракуно Гакуен университеті, Саппоро қ., Жапония;

Қорғау 2016 жылғы 09 желтоқсанда, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 - Биология», «6D070100 - Биотехнология», «6D061300 - Геоботаника» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, аудитория №214.

Қорғау тілі: орыс.

Басылым күні :  08.11.2016