Қарашолақова Ләззат Наушабаевна

«6D061300 – Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қарашолақова Ләззат Наушабаевнаның «Сирек, эндем Іле ұшқаты (Lonicera iliensis Pojark.) өсімдігі популяцияларының құрылымы, қазіргі жағдайы, оларды тиімді пайдалану және қорғау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалауантүрлілік және биоресурстар кафедрасы және Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының гермоплазманы криосақтау зертханасында орындалған.

Рецензенттер:

Дюскалиева Гүлжамал Оналбаевна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.07;

Айдарбаева Докторхан Қайсарбековна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан, мамандығы 03.00.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Мухитдинов Наштай Мухитдинович – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан;

Кушнаренко Светлана Вениаминовна – биология ғылымдарының кандидаты, кауымдастырылған профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Алматы қ., Қазақстан;

Озек Гүлмира – PhD, қауымдастырылған профессор, Анадолу университеті, Эскишехир қ., Түркия.

Қорғау 2016 жылғы 09 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, №214 аудитория.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  08.11.2016