Альджанова Нурлыхан Кожабергеновна
«6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Альджанова Нурлыхан Кожабергеновнаның «Қазақтардың коммуникациялық мәдениетін семиотикалық талдау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.13;
Алимжанова Алия Шарабековна – философия ғылымдарының кандидаты, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы меңгерушісі, профессор, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 24.00.01.
Ғылыми кеңесшілері:
Борбасова Карлыгаш Молдагалиевна – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Асунсьон Лопез-Варела – PhD доктор, Мадрид Комплутенсе университетінің профессоры, Мадрид қ., Испания.
Қорғау 2016 жылғы 2 желтоқсанда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.
Қорғау тілі: қазақ.