Аубакирова Салтанат Советқызы

«6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Аубакирова Салтанат Советқызының «Қазақ қоғамындағы толеранттылықтың тарихи – мәдени типтері: кросс-мәдени зерттеулер» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Қодар Зәмзә Мүтәшқызы – философия ғылымдарының докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеулер институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11;

Қадыралиева Алтынай Мұстафаевна – мәдениеттану мамандығының PhD докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдени-тынығу және әлеуметтік қызмет кафедрасының аға оқытушысы, Шымкент қ., Қазақстан, мамандығы 6D020400.

Ғылыми кеңесшілері:

Исмагамбетова Зухра Нурлановна – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Гюнтер Шлее – PhD доктор, Макс Планк әлеуметтік антропология институтының профессоры, Халле қ., Германия.

Қорғау 2016 жылғы 3 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  28.10.2016