Чукаева Сабина Сериковна

6D020200 – Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Чукаева Сабина Сериковнаның «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) ынтымақтастығы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

А.Х. Арыстанбекова – тарих ғылымдарының докторы, профессоры;

Р. Азизян – PhD докторы, Азия және тынық мұхиттық қауіпсіздік орталығының профессоры.

Рецензенттер:

Каратаева Леся Роллановна - тарих ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми маманы, мамандығы: 07.00.15 – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы;

Серік Раушан Серікқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ-неміс университетінің ғылым және инновациялық қызметінің департаментінің басшысы, мамандығы: 07.00.15 – халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы.

Қорғау 2016 жылғы 25 қараша сағат 16.00.- де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесінде «6D020200 - Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Қарайсай батыр көшесі, 95, халықаралық қатынастар факультеті, №218 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: орыс.

Басылым күні :  25.10.2016