Әмірғалиева Айжан Мәжметқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 6D020900 – Шығыстану (тарих ғылымдары) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Әмірғалиева Айжан Мәжметқызының «Қазіргі Қытайдағы сыртқы саясат принциптерінің модернизациясы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

Алдабек Н.Ә. – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры;

Эдвард Фридман - PhD докторы, Висконсин-Мэдисон университетінің профессоры, (Мэдисон қ. АҚШ).

Рецензенттер: 

Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы – тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық Бизнес Университетінің профессоры, мамандығы «07.00.02 – отандық тарих − ҚР тарихы»;

Қаражанова Жанар Қуанышбайқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының 1-ші арнайы кафедрасының профессоры, доцент, мамандығы «07.00.15 – халықаралық қатынастар тарихы және сыртқы саясат».

Қорғау 2016 жылы 25 қарашада сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95,  218-ші аудитория.

Қорғау тілі – қазақша.

Басылым күні :  25.10.2016