Шаймардан Cерікбол

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Cерікбол Шаймарданның «q-талдаудағы Харди тәріздес интегралдық операторларды салмақты бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі математика кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Ойнаров Рысқұл Ойнарұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің профессоры (Астана, Қазақстан);

Ларс-Ерик Перссон – Лулео технологиялық университетінің инженерлік ғылымдар және математика факультетінің профессоры (Лулео, Швеция).

Рецензенттер:

Кангужин Балтабек Есматович – физика-математика ғылымдарының докторы,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, мамандығы 01.01.02;

Базарханов Даурен Болысбекұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, математика және математикалық модельдеу институтының доценті, мамандығы 01.01.01.

Қорғау 2016 жылғы 24 қарашада, сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  24.10.2016