Шалкаров Данияр Балтабаевич

«6D021200 – Түркітану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шалкаров Данияр Балтабаевичтің «Орталық Азияда матуридийа тарихындағы Хусам ад-дин ас-Сығнақидің алатын орны» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ТҮРКСОЙ кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Муминов Аширбек Курбанович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ., Қазақстан;

Сөнмез Кутлу – PhD докторы, Анкара университетінің профессоры, Анкара қ., Түркия республикасы.

Рецензенттер:

Сатершинов Бахытжан Менлибекович – философия ғылымдарының докторы, доцент ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, Дінтану бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11;

Құрманбаев Қайрат - PhD докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті м.а, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «6D021500 – Исламтану».

Қорғау 2016 жылғы 16 қарашада сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, № 405 мәжіліс залы.

Басылым күні :  13.10.2016