Исадыков Айдос

«6D060500–Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған А.Н. Исадыковтың «Кварктардың коварианттық моделінде мультикварктік күйлер мен олардың ыдыраулары» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің ядролық физика, жаңа материал мен технологиялар кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Сахиев Саябек Куанышбекович, ф.-м.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы);

Иванов Михаил Алексеевич, ф.-м.ғ.д., профессор, БЯЗИ (Дубна қ., Ресей Федерациясы).

Рецензенттер:

Такибаев Нургали Жабагаевич, ҚР ҰҒА академигі, ф.-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.02;

Садыков Турлан Хамзинович, ф.-м.ғ.д., профессор, ЖШС «Физика-техникалық институтының» ғарыштық сәулелер физикасы лабораториясының меңгерушісі, (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.16.

Қорғау 2016 жылғы 11 карашада сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Қорғау орыс тілінде болады.

Басылым күні :  10.10.2016