Серім Ғайни Өмірзаққызы

«6D030100 – Юриспруденция» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Серім Ғайни Өмірзаққызының «Азаматтық құқықтағы кінә категориясының концептуалды (теориялық) мәселелері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Тыныбеков Серікқали Тыныбекович – заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

Фетхи Гедикли – заң ғылымдарының докторы, Стамбул университетінің профессоры, Стамбул қ., Түркия.

Рецензенттер:

Каудыров Толеш Ерденович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ гуманитарлық заң университетінің азаматтық-құқықтық зерттеулер ҒЗИ директоры, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.03;

Жайлин Ғабиден Айнашевич - заң ғылымдарының кандидаты, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.03.

Қорғау 2016 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D030100 – Юриспруденцияа», «6D030200 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, заң факультеті, №410 мәжіліс залы.

 

Қорғау күнінің өзгертілуі туралы хабарлама

«6D030100-Құқықтану», «6D030200-Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес 6D030100-Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін 2016  жылдың 17 қыркүйек күніне бекітілген Серім Ғайни Өмірзаққызының «Азаматтық құқықтағы кінә категориясының концептуалды (теориялық) мәселелері» атты диссертациясын қорғау 2016 жылдың 22 қазан күніне ауыстырылғандығы туралы хабарлайды. (Хабарлама 15.09.2016 ж енгізілді )

Басылым күні :  17.08.2016