Адиканова Динара Бақытбековна

6D072100– «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Адиканова Динара Бақытбекқызының «Гетерофазды полимеризация әдісі арқылы әр түрлі мақсаттағы полимер суспензияларын алу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университеті Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі институтының «Мұнай мен газды химиялық қайта өңдеу» кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Елікбаева Гүлжахан Жақпарқызы – ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық зерттеу техникалық университеті Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай-газ ісі институтының «Мұнай мен газды химиялық қайта өңдеу» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы.

2. Грицкова Инесса Александровна – РФ-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, химия ғылымдарының докторы, Мәскеу технологиялық университеті, "С.С. Медведев атындағы жоғары молекулалық қосылыстардың химиясы және химиялық технологиясы" кафедрасының профессоры, Мәскеу, Ресей.

Рецензенттер:

Мусабеков Куанышбек Битуович, химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Аналитикалық, коллоидтық және сирек элементтер технологиясы" кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.11, 02.00.06

Алмабеков Отанбек Амирбекович, химия ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университеті химия, химиялық технология және экология кафедрасының профессоры, мамандығы 02.00.06.

Қорғау 2016 жылғы 14 қыркүйекте сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекен-жайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Қорғау тілі: орысша.

Басылым күні :  27.07.2016