Ловинская Анна Владимировна

«6D060700 – Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ловинская Анна Владимировнаның «Кеміргіштердің соматикалық және ұрық клеткаларына зымырандық жанармай компоненттерінің және фипронилдің генотоксиндік әсерлерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Колумбаева Сауле Жанабаевна – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Абилев Серикбай Каримович – биология ғылымдарының докторы, профессор, Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институты ғылым жөніндегі директордың орынбасары Ресей ғылым академиясы, Мәскеу қ., Ресей.

Рецензенттер:

Погосян Гаянэ Павловна – биология ғылымдарының кандидаты, доцент,  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы  03.00.15;

Чередниченко Оксана Геннадьевна – биология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ ҒК Жалпы генетика және цитология институтының Генетикалық мониторинг зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.15.

Қорғау 2016 жылғы 09 қырқүйекте сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 - Биология», «6D070100 - Биотехнология», «6D061300 - Геоботаника»  мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, аудитория №214. 

Басылым күні :  08.07.2016