Қулбай Мағира Назымхикматқызы

«6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қулбай Мағира Назымхикматқызының «Диффузиялық үрдістерге арналған кері есептерді шешудегі оптимизациялау амалдары» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілері:

Муканова Балғайша Гафуровна – физика-математика ғылымдарының докторы, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан;

Кристиана Себу –доктор, Оксфорд Брукс университетінің профессоры, Оксфорд қ., Ұлыбритания.

Рецензенттер:

Рысбайұлы Болатбек – техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18;

Нурсеитов Данияр Борисович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.07;

Қорғау 2016 жылғы 30 маусымда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, аудитория № 213.

Қорғау тілі: орыс.

Басылым күні :  30.05.2016