Мутушев Алибек Жумабекович

«8D07103 Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мутушев Алибек Жумабековичтің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «ӨЖС  әдісі бойынша әрекеттесетін заттардың экзоэнергетикалық реакцияларының жылуы есебінен мақсатты материалдарды алудың қалдықсыз, жоғары энергетикалық технологиясын құру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Приходько Николай Георгиевич – химия ғылымдарының докторы, профессор, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

2. Хусаин Болатбек Хусаинович – т.ғ. к., «Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты» АҚ Бас директорының инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Қазақстан). 

Ғылыми жетекшілер:

1. Ақназаров Сестагер Хусаинович-химия ғылымдарының докторы, ҚазҰӨА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцентінің м.а. (Алматы қ., Қазақстан);

2. Хуан Мария Гонсалес – Лил-PhD, профессор, Кадис Университеті. (Кадис қаласы, Испания)

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Чернышов Михаил Викторович – т.ғ.д., Д.Ф.Устинов атындағы Балтық мемлекеттік техникалық университетінің "ВОЕНМЕХ" зымыран-ғарыш техникасы факультетінің «Плазмогазодинамика және жылу техникасы» (А9) кафедрасының профессоры, Іргелі және іздестіру зерттеулері бөлімінің басшысы, «Соққы-толқын және жарылыс процестері» зертханасының ғылыми жетекшісі, «Ұшқышсыз авиациялық және ғарыштық көлік жүйелері» зертханасының меңгерушісі (Санкт-Петербург қ., Ресей).

2. Фоменко Сергей Михайлович – х.ғ.к., «Жаңа материалдардың ӨЖС» зертханасының меңгерушісі, «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК (Алматы, Қазақстан).

3. Елемесова Жанерке Көмекқызы – PhD, жетекші ғылыми қызметкер, «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК (Алматы, Қазақстан).

4. Хайруллин Сергей Рифович – РҒА академигі, х.ғ.д., профессор, «РҒА Сібір бөлімшесінің көмір және көмір химиясы Федералды зерттеу орталығы» (Новосибирск, Ресей).

5. Төлендіұлы Санат – PhD, доцент, Алматы энергетика және коммуникациялар университетінің ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі. (Алматы, Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 26 желтоқсанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «6D074000/8D07113 – Химиядағы наноматериалдар мен нанотехнологиялар», «6D073400/8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық заттардың химиялық технологиясы», «6D074000/8D07112 – Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, № 330 аудитория.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/88954372944?pwd=elY1cHBKUXkxSGxRc0ZhMmhZZEFnQT09   

Идентификатор: 889 5437 2944 

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  24.11.2023