Тоқтарбек Меруертқожа

«6D072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тоқтарбек Меруертқожаның «Petrosimonia өсімдігінің кейбір түрлерінен биологиялық белсенді кешен алу жолын ұсыну»  тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ.

Fылыми кеңесшілері:

1.  Бурашева Гаухар Шахмановна  - химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимер химиясы және технологиясы кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2.  Мухаммад Икбал Чоудри (Muhammad Iqbal Choudhary) – PhD, Карачи Университетінің  Халықаралық химиялық және биологиялық ғылымдар  орталығының профессоры, Карачи қ., Пәкістан.

Ресми рецензенттері:

1. Сұлтанова Нұргүл Адайбаевна - химия ғылымдарының докторы,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті химия кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан;

2. Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы - химия ғылымдарының кандидаты,  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Инжиниринг технологиялар кафедрасының зерттеуші-профессоры, Қызылорда қ.,  Қазақстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Мехмет Озтюрк (Mehmet Ozturk) - доктор, Мугла Ситка Кочман университетінің Ғылым факультеті Химия кафедрасының профессоры, Мугла қ., Түркия;

2. Наник Сити Амина (Nanik Siti Aminah) -  доктор, Эрланга университеті Ғылым және технологиялар факультетінің профессоры, Сурабая қ., Индонезия;

3. Ю Валентина Константиновна -   химия ғылымдарының докторы, профессор, А. Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты Синтетикалық және табиғи дәрілік қосылыстар химиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан; 

4. Оспанов Мейрамбек Алипбекович -  PhD,  постдокторант, Миссисипи университеті, Табиғи өнімдерді зерттеудің ұлттық орталығы Фармация факультеті,   Миссисипи штаты, АҚШ. 

Қорғау 2023 жылдың 27 желтоқсанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 -  Мұнай химиясы;  6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы БББ/мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесте онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/82600901189?pwd=U0hPYUxnWUFXYWIxODNjQ1dKRUdsQT09
Идентификатор: 826 0090 1189

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  23.11.2023