Құрманова Меруерт Серікқызы

«8D05203 - Гидрология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Құрманова Меруерт Серікқызының «Атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының көл суларының минерализациясындағы рөлі (Қазақстанның мониторингтік көлдері негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

Нарбаев Марат Тұрсынбекұлы – г.ғ.к., Халықаралық Аралды құтқару Қоры Қазақстан Республикасындағы Атқарушы Дирекциясы су ресурстары департаментінің басшысы. Мамандығы: «25.00.27 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия» (Алматы қ., Қазақстан).

Садвакасова Салтанат Рагимовна - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының доцент м.а. Мамандығы: «25.00.27 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия» (Астана қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Мадибеков Азамат Сансызбаевич – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті метеорология және гидрология кафедрасының доценті, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Гидрохимия және экологиялық токсикология зертханасының бастығы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Бьерн Клове – PhD, профессор, Оулу университетінің технология факультетінің су ресурстары және экологиялық инженерия зерттеулері бөлімінің меңгерушісі (Оулу қ., Финляндия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

Молдахметов Марат Молдабекович - г.ғ.к., доцент, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз қ., Қазақстан);

Казангапова Нургуль Буркитбаевна – г.ғ.к., КЕАҚ «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» орман ресурстары және орман шаруашылығы кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. (Астана қ., Қазақстан);

Поздняков Шамиль Рауфович, г.ғ.д., Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетінің континенттік су объектілерін зерттеу институтының директоры (Санкт-Петербург, Россия).

Алдиярова Айнура Есиркеповна - КЕАҚ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары және суды пайдалану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

Самарханов Канат Бауыржанович - PhD, ЖМ «Астана халықаралық ғылыми кешенінің» бас ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан).

 Қорғау 2023 жылдың 14 желтоқсанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D05202, 6D060900 – География», «8D05207, 6D060800 – Экология», «8D05203, 6D061000 – Гидрология», «8D07301, 6D071100 – Геодезия», «8D11101, 6D090200 – Туризм» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/87163740751?pwd=WkRQZmF1SmlaNTdyNmk0WkFxNXc5UT09

Идентификатор конференции: 871 6374 0751

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  16.11.2023