Бакиев Серик Самигуллович

«8D05104 – Генетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бакиев Серик Самигулловичтың «Бактериофаг эндолизиндері және олардың бекіре тұқымдас балықтарының бактериялық патогендерін инактивациялау тиімділігін бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасы базасында орындалды.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Кушугулова Алмагүл Рахимберлиевна – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.07 – Микробиология;

2. Масалимов Жаксылык Каирбекович – биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.04 – Биохимия.

Ғылыми жетекшілері:

Бисенбаев Амангелді Қуанбаевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Бережной Николай – PhD, Yong Loo Lin медициналық мектебінің микробиология және иммунология кафедрасының аға ғылыми қызметкері, Сингапур Ұлттық университеті, Сингапур.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Ерохин Максим Максимович – биология ғылымдарының кандидаты, Хроматиндік биология зертханасының меңгерушісі, Гендік биология институты РҒА (Мәскеу қ., Ресей);

2. Тагаев Данияр Аскарович – PhD, жалпы биология және геномика кафедрасының доцент м.а, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан);

3. Искаков Булат Кудайбергенович – биология ғылымдарының докторы, профессор М.А. Айтхожин атындағы молекулалық биология және биохимия институты (Алматы қ., Қазақстан);

4. Сармурзина Зинигуль Сериковна – биология ғылымдарының кандидаты, «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС (Астана қ., Қазақстан);

5. Ережепов Даурен Адилович – PhD, Геномдық және дербестендірілген медицина зертханасының аға ғылыми қызметкері, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан).

6. Хасенов Бекболат Бауыржанович – химия ғылымдарының кандидаты, микроағзалардың генетикасы және биохимиясы зертханасының меңгерушісі, Ұлттық биотехнология орталығы (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылы 7 желтоқсанда, сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «6D061300, 8D05108 - Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05104 – Генетика» мамандықтар / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84048281594?pwd=TSs3UzhFUmxzNDI5STR2K0luT1B0Zz09

Идентификатор: 840 4828 1594

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  06.11.2023