Елтай Айзат Ғалиқызы

«6D061000 - Гидрология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Елтай Айзат Ғалиқызының «Каспий теңізінің жел толқындарын сандық модельдеу негізінде зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Садвакасова Салтанат Рагимовна – география ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «250027 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия»;

2. Алдиярова Айнура Есиркеповна – PhD, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D080500 - Су ресурстары және суды пайдалану».

Ғылыми жетекшілер:

1. Нарбаева Каракоз Турсынбековна – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Бьерн Клове – PhD докторы, Сумен жабдықтау профессоры, Оулу университетінің технология факультетінің су ресурстарын зерттеу және экологиялық инженерия бөлімінің басшысы (Оулу қ., Финляндия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Кайпбаев Ерболат Толганбаевич – PhD, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті "Су ресурстары және мелиорация" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан).

2. Яицкая Наталья Александровна – география ғылымдарының кандидаты, РҒА Субтропикалық ғылыми орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары (Сочи қ., РФ);

3. Мустафаев Жумахан Сулейменович – техника ғылымдарының докторы, профессор, География және су қауіпсіздігі институтының ландшафттану және табиғатты пайдалану мәселелері зертханасының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);

4. Бадулин Сергей Ильич – физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей Ғылым академиясының П.П. Ширшова атындағы Океанология институтының Бас ғылыми қызметкері, сызықтық емес толқындық процестер зертханасының меңгерушісі (Мәскеу қ., РФ);

5. Курбаниязов Абилгазы Коптлеович – география ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Каспий теңізін зерттеу орталығының директоры (Ақтау қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «8D05202, 6D060900 – География», «8D05207, 6D060800 – Экология», «8D05203, 6D061000 – Гидрология», «8D07301, 6D071100 – Геодезия», «8D11101, 6D090200 – Туризм» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81320163173?pwd=dlNpbmJvaVVDbGQ2dWdzMmV3d0xYQT09

Идентификатор: 813 2016 3173.

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  31.10.2023