Мережко Михаил Сергеевич

«6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша Мережко Михаил Сергеевичтің«Нейтрондармен сәулелендірілген металдардағы (Cu, Fe) және аустенитті тотықпайтын болаттардағы (12Х18Н10Т, AISI 304), оқшауланған пластикалық деформация» тақырыбында диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және сызықтық емес физика кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - Орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Сучков Алексей Николаевич – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің №9 «Материалтанудың физикалық проблемалары» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);

2. Сукуров Булат Мендгалиевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Металлургия және байыту институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Казақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Кислицин Сергей Борисович – физико-математика ғылымдарының кандидаты, ҚР РМК Ядролық физика институтының Қатты денелер радиациялық физикасы бөлімінің бастығы (Алматы қ., Қазақстан).

2. Шорт Майкл Филипп – PhD, Массачусетс технологиялық институтының Ядролық инженерия департаментінің қауымдастырылған профессоры (Кембридж қ., Америка Құрама Штаттары).

3. Фрэнсис Альберт Гарнер – Radiation effects consulting компаниясының президенті (Ричлэнд қ., Америка Құрама Штаттары).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Кожахметов Ернат Абилхайырович – PhD, КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, "Veritas" басымдық орталығының басшысы (Өскемен қ., Қазақстан).

2. Алонцева Дарья Львовна – физико-математика ғылымдарының докторы, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебінің профессоры, КЕАҚ «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен қ., Қазақстан).

3. Жумадилов Касым Шаймарданович – PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетінің, Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).

4. Исмаилов Марат Базаралиевич – техникалық ғылымдар докторы, профессор, АҚ "Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы" ғарыштық материалтану және аспап жасау департаментінің директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

5. Шункеев Куанышбек Шункеевич – физико-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы).

Қорғау онлайн режимінде 2023 жылдың 27 қарашасында сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 (8D05306) – Физика» «6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071900 ( 8D06201) – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», 6D0602 0 (8D07110 ) – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандықтар/білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

https://us02web.zoom.us/j/81967170215?pwd=c1EvenBLcnJhOVJRZFlhbGZBSFFBUT09

Конференция идентификаторы: 819 6717 0215

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  26.10.2023