Аманкулова Динара Еркиновна

«8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Аманкулова Динара Еркиновнаның «1,3-Циклогенсандионнан мета-арилоксифенолдарды каталитикалық емес синтездеу әдісін жасау»  тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимер химиясы және технологиясы кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – ағылшын.

Ресми рецензенттері:

1. Джастин Мор (Justin Mohr) – Ph.D, қауымдастырылған профессор, Иллинойс университеті, Чикаго, АҚШ;

2. Сейлханов Тулеген Муратович – химия ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, ЯМР спектроскопиясының инженерлік профильді зертханасының меңгерушісі, Көкшетау, Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Дүйсебаева Мөлдір Әкімжанқызы - химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимер химиясы және технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Дэррик Клайв (Derrick LJ Clive) -  PhD, ғылым докторы, Альберта университетінің ғылымдар факультетінің профессоры, Эдмонтон қ., Канада.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Фазылов Серик Драхметович - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы,  Органикалық синтез және көмір химиясы институтының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан ;

2. Кумар Суами Редди Нандарапу (Kumar Swamy Reddy Nandarapu) – PhD, Тирупати Үнді технологиялық институтының ғылыми қызметкері, Тирупати қ., Үндістан;

3. Рафикова Хадичахан Сабиржановна – PhD, Сәтбаев университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

4. Оспанов Мейрамбек Алипбекович -  PhD,  постдокторант, Табиғи өнімдерді зерттеудің ұлттық орталығы, Фармация мектебі, Миссисипи университеті, АҚШ.

Қорғау 2023 жылдың 15 қарашасында сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 -  Мұнай химиясы;  6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы БББ/мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесте онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84107739369?pwd=ZmJLOWtNbHZYUmptVm9IOUl4OTBVZz09
Идентификатор: 841 0773 9369

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Басылым күні :  13.10.2023