Толегенова Акмарал Алибековна

«6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Толегенова Акмарал Алибековнаның «Көлбеу талшықты Брэгг торлары бар қоршаған ортаның сыну көрсеткішінің оптоталшықты сенсоры» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлама.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Рецензенттер:

Смайлов Нуржигит Куралбаевич – PhD, қауымдастырылған профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Автоматика және ақпараттық технологиялар институты, электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан.

Чежимбаева Катипа Сламбаевна – т.ғ.к., доцент, Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, телекоммуникациялар және ғарыштық инженерия институты, телекоммуникация және инновациялық технологиялар кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Медетов Бекболат Жаксылыкович – PhD, қауымдастырылған профессор, С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық зерттеу университеті, энергетикалық факультеті, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы, Астана қ., Қазақстан.

Кисала Петр Артур – PhD, профессор, Люблин техникалық университеті, Электроника және ақпараттық технологиялар институты, Люблин қ., Польша.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Ахмедьярова Айнур Танатаровна – PhD, қауымдастырылған профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Автоматика және ақпараттық технологиялар институты, программалық инженерия кафедрасы Алматы қ., Қазақстан.

2. Айтмагамбетов Алтай Зуфарович – т.ғ.к., профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, компьютерлік технологиялар және кибер қауіпсіздік факультеті, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан.

3. Төлендіұлы Санат – PhD, қауымдастырылған профессор, Ғ. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, телекоммуникациялар және ғарыштық инженерия институты, ғарыштық инженерия кафедрасының меңгеруішісі, Алматы қ., Қазақстан.

4. Вуйцик Вальдемар – т.ғ.д., профессор, Люблин техникалық университеті, электроника және ақпараттық технологиялар институты, Люблин қ., Польша.

5. Оспанова Нуржамал Акбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, компьютерлік технологиялар және кибер қауіпсіздік факультеті, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан.

Қорғау 2023 жылдың 13 қарашасында, сағат 14:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қарамағында ашылған «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D071900 (8D06201) – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» мамандықтары тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom-ға сілтеме https://us02web.zoom.us/j/85605295728?pwd=NXpDR1IzWHJ5Ykxtektqa1RnTEswQT09

Конференция идентификаторы: 856 0529 5728

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Басылым күні :  13.10.2023