Ақмади Мөлдір Арманқызы

«8D03101-Әлеуметтану» оқу бағдарламасы бойынша философия докторантары (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ақмади Мөлдір Арманқызы «"Бір белдеу, бір жол" бастамасы: Орталық Азия елдеріндегі әлеуметтік қабылдау» тақырыптағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлама.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Байғабылов Нұрлан Оралбайұлы – PhD, доцент, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы – "6D050100-Әлеуметтану";

2. Токтаров Ермек Бауыржанұлы - PhD, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы – "6D020100 - Философия".

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бурханов Азиз Камалович - PhD, қауымдастырылған-профессор, Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебі, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);

2. Кристофер М. Уайтселл - PhD, қауымдастырылған-профессор, Әлеуметтану және антропология кафедрасы, Солтүстік Дакота мемлекеттік университеті (Гранд-Форкс қ. АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Бейсенова Айгүл Аманжолқызы - әлеуметтану бойынша PhD, қауымдастырылған профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ., Қазақстан);

2. Беймишева Айгүл Сейтжанқызы - әлеуметтану бойынша PhD, профессор, Narxoz университеті (Алматы қ., Қазақстан);

3. Нағайбаева Зәуреш Арстамбекқызы - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қ., Қазақстан);

4. Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы - саясат ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

5. Валитова Зульфия Хафизовна - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ., Қазақстан);

6. Өміралиев Нұрбек Әшімқанұлы - әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Қ. Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университеті (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).

Қорғау 2023 жылдың 8 қараша, сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қарамағында құрылған «Әлеуметтік ғылымдар және білім беру» диссертациялық кеңесінде «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану», «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «6D050200, 8D03104 – Саясаттану» мамандықтар тобы бойынша онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81120853799?pwd=aFdoSUdCMHdLTFJtNDE0S0lZVTJZZz09

Конференция идентификаторы: 811 2085 3799

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Басылым күні :  04.10.2023