Таттибаева Жадра Аширхановна

«6D060600 – Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Таттибаева Жадра Аширхановнаның «Суды сазды тасымалдаушыларда иммобилизацияланған микроағзалар жасушаларының көмегімен Cr (III) және Cr (VI) иондарынан сорбциялық тазарту» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ.

Ресми рецензенттері:

1. Абдиев Калдыбек Жамшаевич - химия ғылымдарының докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университеті, О.А. Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институтының Химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Джумадилов Талкыбек Кожатаевич - химия ғылымдарының докторы, профессор, А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының полимерлер синтезі және физика-химиясы зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан.

Fылыми кеңесшілері:

1. Тажибаева Сагдат Медербековна - химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Куявский Войцех (Wojciech Kujawski) – PhD, Николай Коперник атындағы университеттің профессоры, Торунь қ., Польша.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Лаура Булгариу (Laura Bulgariu) - доктор, Георгий Асачи атындағы техникалық университеттің Химиялық инженерия және қоршаған ортаны қорғау факультетінің қауымдастырылған профессоры, Яссы қ., Румыния;

2. Бхаскар Сен Гупта (Bhaskar Sen Gupta) - PhD, Хериот-Ватт  мемлекеттік зерттеу университетінің профессоры, Эдинбург қ., Ұлыбритания;

3. Койжанова Айгуль Кайргельдыевна - техника ғылымдарының кандидаты, "Металлургия және байыту институты" АҚ гидрометаллургияның арнайы әдістері зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

4. Казангапова Майра Куттыбаевна - PhD, химия және көмір институтының нанокомпозиттік көміртекті материалдар және нанокатализаторлар зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Астана қ., Қазақстан.

Қорғау 2023 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 -  Мұнай химиясы;  6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы БББ/мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесте онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81877543947?pwd=ZmxVQVh3YWJQNFRCV1VtSmcxWC9SUT09
Идентификатор: 818 7754 3947

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  18.07.2023