Ибрагимова Ольга Павловна

«8D05301 - Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ибрагимова Ольга Павловнаның “Development of simple and accurate methods for organic pollutants determination in the air based on solid-phase microextraction” тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және  сирек элементтер технологиясы кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – ағылшын.

Ресми рецензенттер:

1. Вуджин Ли (Woojin Lee ) - PhD, Назарбаев Университетінің профессоры, Астана қ., Қазақстан;

2. Фабио Аугусто (Fabio Augusto) - ғылым докторы, Кампинас Университеті (Уникамп), Химия институтының профессоры, Кампинас қ., Бразилия.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Байматова Насиба Хикматуллаевна - PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және  сирек элементтер технологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Яцек А. Козиел (Jacek A. Koziel) - PhD, Айова штаты университетінің профессоры, Эймс қ., АҚШ.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Пелит Левент (Pelit Levent) - PhD, Эгей университетінің аналитикалық химия кафедрасының профессоры, Измир қ., Түркия;

2. Аттилио Наккарато (Attilio Naccarato) - PhD, Калабрия университеті химия және химиялық технология факультетінің аналитикалық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Калабрия қ., Италия;

3. Томаз Димерски (Tomasz Dymerski) - PhD, Гданьск технологиялық университетінің қауымдастырылған профессоры, Гданьск қ., Польша;

4. Джионфриддо Эмануэла (Gionfriddo Emanuela) - PhD, Толедо университетінің химия және биохимия факультетінің қауымдастырылған профессоры, Толедо қ., Испания.

 

Қорғау 2023 жылдың 6 қыркүйегінде сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 - Мұнай химиясы; 6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандық топтары/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/87888643308?pwd=Uk1tRTd6MkF2QXVua3pFWjcxb0JSZz09

Идентификатор конференции: 878 8864 3308

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  18.07.2023