Карюкин Владислав Игоревич

«6D070300 – Ақпараттық жүйелер» (немесе «8D06101 – Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы) мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін ұсынылған Карюкин Владислав Игоревичтің «Қазақстан Республикасының медиа кеңістігінде қоғамның әлеуметтік көңіл-күйін талдау мен бағалаудың интеллектуалды жүйесіне арналған модульді зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

 1. Тусупов Джамалбек Алиаскарович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ақпараттық жүйелер кафедрасы, Ақпараттық технологиялар факультеті,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).

2. Барлыбаев Алибек Бактыбаевич – PhD, аға оқытушы, Жасанды интеллект технологиялар кафедрасы, Ақпараттық технологиялар факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Мутанов Галымкаир Мутанович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (Алматы қ., Қазақстан).

2. Маттео Негри, PhD, Fondazione Bruno Kessler ғылыми-технологиялық зерттеулер орталығы (Тренто қ., Италия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Бекманова Гулмира Тылеубердиевна – техника ғылымдарының кандидаты, PhD, профессор, Жасанды интеллект технологиялар кафедрасы, Ақпараттық технологиялар факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).

2. Ергеш Бану Жантуғанқызы  – PhD, Электрондық оқытуды және құжат айналымын сүйемелдеу секторының менеджері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

3. Дайнеко Евгения Александровна – PhD, доцент, Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ., Қазақстан).

4. Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Ақпараттық технологиялар және интеллектуалды жүйелер мектебінің деканы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен қ., Қазақстан).

5. Бакиева Айгерим Муратовна – PhD, аға оқытушы, Ақпараттық жүйелер кафедрасы, Ақпараттық технологиялар факультеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан).

6. Абдурахмонова Нилуфар Зайнобиддин қизи – доцент, филология ғылымдарының кандидаты, Өзбек тіл білімі кафедрасы, Өзбек филологиясы факультеті, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау онлайн режимінде 2023 жылдың 3 шілде күні сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңесте «6D070300, 8D06101 – Ақпараттық жүйелер», «6D070400 – Компьютерлер және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтар/білім беру бағдарламалары тобында өтеді (Компьютерлік инженерия), «6D075100 – Информатика, есептеу және басқару» (Жүйелік инженерия); «6D060200 – Информатика» (Есептеу техникасы), «6D100200, 8D06301 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 – Автоматтандыру және басқару».

Zoom конференциясына қосылу: https://us06web.zoom.us/j/82448054143?pwd=d2haTWRVbG9BYm9WcGlsYTF0WVR0QT09

Конференция идентификаторы: 824 4805 4143

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  06.06.2023