Талипова Эльмира Кайратовна

«6D061000 - Гидрология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Талипова Эльмира Кайратовнаның «Климаттың заманауи және келешектегі өзгерістерінің Іле өзені алабының су ресурстарына әсері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының базасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Байшоланов Сакен Советович – география ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана" халықаралық ғылыми кешені" жеке мекемесінің география және табиғатты пайдалану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: 11.00.09 - Метеорология, климатология және агрометеорология (Астана қ., Қазақстан);

2. Молдахметов Марат Молдабекович – география ғылымдарының кандидаты, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты. Мамандығы: 11.00.07 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия (Тараз қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Нысанбаева Айман Сағынбаевна - география ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Сангам Шреста - PhD, Азия технологиялық институтының су шаруашылық және басқару департаментінің профессоры (Бангкок, Тайланд).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Курбаниязов Абилгазы Коптлеуович – география ғылымдарының кандидаты, профессор, Каспий теңізін зерттеу орталығының директоры (Ақтау қ., Қазақстан), 

2. Алдиярова Айнура Есиркеповна - PhD, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, «Су ресурстары және су пайдалану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

3. Калашникова Ольга Юрьевна - PhD, Орталық Азия қолданбалы геоғылымдар институтының «Климат, су және табиғи ресурстар» бөлімінің ғылыми қызметкері (Бішкек қ., Қырғызстан)

4. Муканов Ерболат - PhD, «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық мониторинг және болжам департаменті агрометеорологиялық болжам басқармасының бастығы (Астана қ., Қазақстан);

5. Маштаева Шамшагуль Ибрагимовна - география ғылымдарының кандидаты,            Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің физика және экономиялық география кафедрасының доцент м.а. (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 30 маусымында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «8D05202 (6D060900) - География»; «8D05207 (6D060800) - Экология»; «8D05203 (6D061000) - Гидрология»; «8D07301 (6D071100) - Геодезия»; «8D11101 (6D090200) - Туризм» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

Басылым күні :  30.05.2023