Ержанова Айдана Женісқызы

«8D02202 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ержанова Айдана Женісқызының «Қазақстанның мәдени-өркениеттік дамуындағы келісім концептісі (әлеуметтік-философиялық талдау)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Кусаинов Дауренбек Умирбекович – философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы;

2. Сыбанбаев Калмурат Усенович – философия ғылымдарының кандидаты, Нархоз университетінің пәнаралық білім беру орталығының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.11 – Әлеуметтік философия.

Ғылыми жетекшілер:

1. Нурмуратов Серик Есентаевич – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, Философия орталығының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан);

2. Гзавье Аллез – философия докторы (PhD), Әлеуметтік ғылымдар саласындағы жоғарғы зерттеулер мектебі (School of Advanced Studies in the Social Science) жетекші ғылыми қызметкері (Париж қ., Франция).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Карипбаев Байжол Искакович – философия ғылымдарының докторы, академик             Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан);

2.  Қожамжарова Майра Жанайдаровна – философия ғылымдарының кандидаты, Toraighyrov University Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) (Павлодар қ., Қазақстан);

3.  Симтиков Жомарт Кудайбергенович – тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

4.  Аубакирова Салтанат Советовна – философия докторы (PhD), Toraighyrov University Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ., Қазақстан);

5.  Кабиденова Жулдыз Дюсенбаевна – философия докторы (PhD), Toraighyrov University Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Павлодар, Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 4 шілдеде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202– Философия» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  30.05.2023