Сабыр Айсұлу Сабырқызы

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сабыр Айсұлу Сабырқызының «Отандық су ресурстарын пайдаланумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын - алу мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Жатқанбаева Айжан Ержанқызы - заң ғылымдарының докторы, доцент, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.02.;

2. Телеуов Галым Байгазыевич - PhD докторы, Қазақ-Америка университетінің экономика және құқық факультетінің деканы (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

1. Битемиров Кайрат Турлыбаевич - Ұлттық Заң Академиясының академигі, заң ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультеті азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының профессоры, (Шымкент қ., Қазақстан Республикасы).

2. Рустемова Гауһар Рустембекқызы - заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ІІМ М. Есбулатов атындағы Алматы академиясының профессоры, (Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы).

3. Сыдыкова Лейла Чынтургановна - заң ғылымдарының докторы, профессор, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Орыс Славян университетінің халықаралық қатынастар бойынша проректоры (Бишкек қ., Қырғызстан).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Алибаева Гульнар Айтчановна – заң ғылымдарының докторы, профессор, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық құқық академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Сулейменова Сауле Жусупбековна - заң ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің гуманитарлық-заң факультетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

3. Калкаева Несибели Бакитовна – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

4. Умарханова Дилдора Шәріпханқызы - заң ғылымдарының докторы, профессор, Ташкент мемлекеттік заң университетінің Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану факультетінің деканы (Ташкент қ., Өзбекстан).

Қорғау 2023 жылдың 23 маусым сағат 9:30-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн форматта өтеді.

Басылым күні :  23.05.2023