Тлешалиев Нурлан Даулеткулович

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тлешалиев Нурлан Даулеткуловичтің «Қамаққа алу жаза түрі ретінде: қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару аспектілері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Каспий қоғамдық университетінде орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Чукмаитов Дулат Сламбекович – заң ғылымдарының докторы, профессор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық саласы бойынша білім беру бағдарламасының профессоры (Талдықорған қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.08;

2. Байсалов Али Джумамуратович - заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 12.00.08.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Акимжанов Талгат Курманович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Каспий қоғамдық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Лапшин Валерий Федорович – заң ғылымдарының докторы, доцент, Югор мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыс бойынша проректоры (Ханты-Мансийск қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Бижанова Айгуль Рабхановна – заң ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. (Алматы қ., Қазақстан);

2. Жамиева Роза Муслимовна - заң ғылымдарының кандидаты, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының доценті (Қарағанды қ., Қазақстан);

3. Калкаева Несибели Бакитовна – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

4. Селиверстов Вячеслав Иванович – заң ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).

Қорғау 2023 жылдың 22 маусым сағат 9:30-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81738794272?pwd=RzlDMnJFUDAxR0orUEEwTURDVi9lZz09

Конференция идентификаторы: 817 3879 4272

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  23.05.2023