Жамболова Айнур Бектурсыновна

«6D073900 – Мұнай химиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жамболова Айнур Бектурсыновнаның «Мұнайдың ауыр қалдықтарын тотықтырғанда және түрлендіргенде битумның сипаттамаларын жақсарту» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ.

Ресми рецензенттер:

1. Надиров Казим Садыкович – химия ғылымдарының докторы,  М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының профессоры, Шымкент қ., Қазақстан;

2. Елубай Мадениет Азаматұлы – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Торайғыров университеті» КЕАҚ «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, Павлодар қ., Қазақстан.

Fылыми кеңесшілер:

1. Онгарбаев Ердос Калимуллаулы - химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Чезаре Росси (Cesare Oliviero Rossi) - PhD доктор, Калабрия университетінің  химия және химиялық технология факультетінің профессоры, Ренде қ., Италия. 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.Keng H. Chung – PhD доктор, Шандонг мұнай химиялық технология институтының Net-Zero зертханасының директоры (Director of Net-Zero Laboratory Shandong Institute of Petroleum Chemical Technology), Qingdao қ., Қытай;

2.Мухаматдинов Ирек Изаилович  – «Мұнай химиясы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, Қазан федералды университетінің Геология және мұнай-газ технологиялары институтының мұнай беруді арттыру әдістері ғылыми-зерттеу зертханасының аға ғылыми қызметкері, Қазан қ., Ресей;

3.Айдарова Сауле Байляровна - химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университетінің «Бір белдеу - бір жол» мұнай инженерия институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан;

4. Туктин Балға Туктиевич - химия ғылымдарының докторы, «Д.В. Сокольский атындағы Жанармай, катализ және электрохимия институты» АҚ мотор отындары зертханасының меңгерушісі, Алматы қ.,  Қазақстан. 

Қорғау 2023 жылдың 14 маусымында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 -  Мұнай химиясы;  6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы БББ/мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесте онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:  

https://us02web.zoom.us/j/89894964769?pwd=b0ZGenlaUnU1RzdYVE1ZL2N4Vm9qZz09
Идентификатор:
 898 9496 4769

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрәжесін беру туралы бұйрық


Басылым күні :  15.05.2023