Мейрамбекұлы Нұрсұлтан

«6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мейрамбекұлы Нұрсұлтан «Жерді қашықтықтан барлаушы кіші ғарыш аппараттарына арналған көпдиапазонды антенна» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кадыракунов Кубаныч Байгазиевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Халықаралық инженерлік - технологиялық университеті (Алматы қ. Қазақстан);

Алипбаев Куаныш Арингожаевич   – PhD, Телекоммуникация және ғарыштық инженерия институты директоры, Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілері:

Темирбаев Амирхан Адилханович – PhD, ғылымды қажет ететін технологиялар мен инжиниринг кластерінің бас директоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Камеда Тошихиро – PhD, Цукуба университетінің қауымдастырылған профессоры (Цукуба қ., Жапония).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Велиев Эльдар (Veliyev Eldar) – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Информатика институты, Ыстамбұл техникалық университеті (Ыстамбұл қ., Түркия);

2. Бақтыбеков Қазбек Сүлейменұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ghalam» ЖШС-нің жетекші инженер-конструкторы (Астана қ., Қазақстан);

3. Айтмагамбетов Алтай Зуфарович – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (Алматы қ., Қазақстан);

4. Медетов Бекболат Жаксылыкович – PhD, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының аға оқытушысы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ., Қазақстан);

5. Чежимбаева Катипа Сламбаевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, автоматикалық электробайланыс кафедрасы, Г. Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (г. Алматы, Казахстан).

Қорғау 2023 жылдың 6 маусымында, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған «6D060400 (8D05306) – Физика»,«6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071900 (8D06201) – Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылуэнергетикасы», «8D01501 – Физика» бағыты, «6D071900 – Радиотехника,  электроника және телекоммуникациялар» «6D073200 (8D07502) – Стандартизация және сертификация» мамандықтары/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom-ға сілтеме

https://us02web.zoom.us/j/89710012395?pwd=NUNBalJvRzg3b1ZTdmFsZkJjR2d5UT09   

Идентификатор конференции: 897 1001 2395

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  05.05.2023