Малыбаев Алгис Нургисаевич

«6D061100 – Физика және астрономия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Малыбаев Алгис Нургисаевичтің «Дион тектес дилатондық қара құрдымдардың әр түрлі аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

1.Тошматов Бобир Абдуманонович – PhD докторы, «Жаңа Өзбекстан» университетінің профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан;

2.Ержанов Қобыланды Қанайұлы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жалпы және теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, Астана, Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

1.Бошкаев Қуантай Авғазыұлы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2.Иващук Владимир Дмитриевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей Халықтар достығы университетінің гравитация және космология институтының профессоры, Мәскеу қ., Ресей.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.Ахмедов Бабомурот Жураевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлықбек атындағы Астрономиялық институтының теориялық астрофизика кафедрасының меңгерушісі, Ташкент қ., Өзбекстан;

2.Абдужаббаров Ахмаджон Әділжанұлы – PhD докторы, Ұлықбек атындағы Астрономиялық институтының теориялық астрофизика кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, Ташкент қ., Өзбекстан;

3.Алдабергенов Ермек Сәкенұлы – PhD докторы, Чулалонгкорн университетінің докторанты, Бангкок, Таиланд;

4.Разина Ольга Викторовна – PhD докторы, жалпы және теориялық физика кафедрасының доценті Л.Н. Гумилев, Астана, Қазақстан;

5.Денисеня Михаил Иосифович – PhD докторы, Назарбаев Университетінің докторанты, Астана, Қазақстан.

Қорғау 2023 жылдың 11 мамырда сағат 16:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D072300 (8D05303) – Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071900 (8D06201) – Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылу энергетикасы», «8D01501 – Физика», «6D073200 (8D07502) – Стандарттау және сертификаттау» (сала бойынша) бағыты, «6D061100 – Физика және астрономия» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom-ға сілтеме

https://us02web.zoom.us/j/88340798102?pwd=TjRwMGNVMnNYZ3Z4VERPY3BoUTRqQT09

Конференция идентификаторы: 883 4079 8102

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  10.04.2023