Сабитова Акерке Сабитовна

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сабитова Акерке Сабитовнаның «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру сатысындағы адвокат-қорғаушының іс әрекетінің процессуалдық мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Шарипов Шаймардан Махаметович - заң ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Бизнес және құқық» Жоғары мектебінің «Құқық» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.09;

2. Алдабергенова Нонна Алдабергеновна - заң ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университетінің «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.11.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Нұрмағанбет Ермек Талантұлы - з.ғ. к., PhD докторы, Yessenov university бизнес және құқық факультетінің «Құқықтану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Ақтау Қ., Қазақстан);

2. Санож Раджан - PhD, халықаралық құқық және адам құқықтары профессоры (Ханчжоу қ., Қытай)..

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Соркин Владимир Семенович -заң ғылымдарының кандидаты, Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының доценті (Гродно қ., Беларусь);

2. Жамиева Роза Муслимовна - заң ғылымдарының кандидаты, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының доценті (Қарағанды қ., Қазақстан);

3. Кан Александр Герасимович - заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі, Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының ғылыми-зерттеу орталығының бастығы (Алматы қ., Қазақстан);

4. Даурембеков Еран Құрманалыұлы-PhD докторы, "Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КЕАҚ қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 6 мамыр сағат 14:00-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн форматта өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/85359454167?pwd=VGFiVjBQc1lJV3IzRkkxaDNyd00wZz09

Басылым күні :  06.04.2023