Салтақова Жанат Тоқтарқызы

«6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрeжeсiн aлу үшiн ұсынылған Салтақова Жанат Тоқтарқызының «Қазақ шежіре жырлары: жанрлық ерекшеліктері, тарихилығы, поэтикасы (авторлық жырлар негізінде)» тақырыбындағы диссeртaциялық жұмысы қорғалады.

Диссертация М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің базасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс ., қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Рахымов Берік Серікбайұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (Қарағанды қ., Қазақстан). Мамандығы: 10.01.09 – фольклор.

2. Көшекова Айнұр Арғынтайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 10.01.09 – фольклор.

Ғылыми жетекшілер:

1. Албеков Тоқтар Кесімұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, (Алматы қ., Қазақстан);

2. Онал Мехмет Нажы – доктор, профессор, Мугла Сыткы Кочман университеті (Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Пангереев Абат Шамұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті. (Ақтөбе қ., Қазақстан).

2. Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).

3. Сатемирова Дариға Амантайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

4. Йылдыз Нажие – доктор, профессор, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті (Анкара қ., Түркия).

5. Баят Ерболат – филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (Көкшетау, Қазақстан). 

 Қорғау 2023 жылдың 3 мамырында сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған 6D050400, 8D03201 – Журналистика, 6D011800, 8D01704 – Орыс тілі мен әдебиеті, 8D02308 – Орыс филологиясы, 6D020500 – Филология (орыс тілі), 6D021400, 8D02304 – Әдебиеттану мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және офлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84530573271?pwd=czQwUUg1SG5UMnJmSWVlb2FiTGd5Zz09 

Идентификатор: 845 3057 3271

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  31.03.2023