Оспанова Маржан Сансызбайқызы

«6D061000 - Гидрология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Оспанова Маржан Сансызбайқызының «Есіл өзені алабының су басу қаупін бағалау және басқару» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының базасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Садвакасова Салтанат Рагимовна - география ғылымдарының кандидаты, физикалық және экономикалық география кафедрасының доцент м.а. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Мамандығы: 250027 – Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия (Астана қ., Қазақстан);

2. Таиров Амражан Закирович – география ғылымдарының кандидаты, Табиғи - шаруашылық жүйені сумен қамтамасыз ету және математикалық үлгілеу зертханасының жетекші ғылыми қызметкері. География және су қауіпсіздігі институты АҚ, Мамандығы: 250027 - Құрлық гидрологиясы, су ресурстары, гидрохимия (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Дускаев Касым Коянбаевич - техника ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Марк Г. Макклин - PhD, өзен жүйелері мен жаһандық өзгерістердің құрметті профессоры және Линкольн су және планетарлық денсаулық орталығының директоры (Линкольн, Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Акиянова Фарида Жианшиновна – география ғылымдарының докторы, профессор, Астана халықаралық ғылыми кешенінің география және табиғатты пайдалану институтының директоры (ISCA) (Астана қ., Қазақстан);  

2. Алдиярова Айнура Есиркеповна - PhD, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, «Су ресурстары және су пайдалану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

3. Поздняков Шамиль Рауфович - география ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университетінің континентальды су объектілерін зерттеу институтының директоры. (Санкт-Петербург, Ресей)

4. Муканов Ерболат - PhD, «Қазгидромет» РМК агрометеорологиялық мониторинг және болжам департаменті агрометеорологиялық болжам басқармасының бастығы (Астана қ., Қазақстан);

5. Молдахметов Марат Молдабекович, география ғылымдарының кандидаты, доцент, Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры ТИГУ (Тараз қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 27 сәуірде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «8D05202 (6D060900) - География»; «8D05207 (6D060800) - Экология»; «8D05203 (6D061000) - Гидрология»; «8D07301 (6D071100) - Геодезия»; «8D11101 (6D090200) - Туризм» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/85263028213?pwd=eTRBTVp3M3hqS3ZMby93aU0zMU1IUT09

Идентификатор: 852 6302 8213

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  21.03.2023