Кудерин Аманжол Алимжанович

«6D060800 – Экология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кудерин Аманжол Алимжановичтің «Теңгерімді жер пайдалану мақсатында Қызылорда табиғи-ауылшаруашылық жүйесін ландшафттық-экологиялық жоспарлау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасының базасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Козыкеева Алия Тобажановна – техника ғылымдарының докторы, су ресурстары және мелиорация кафедрасының, су, жер және орман ресурстары факультетінің, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 06.01.02 – Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, 25.00.36 – Геоэкология.

2. Павличенко Людмила Михайловна – география ғылымдарының докторы, рекреациялық география және туризм кафедрасының, география және табиғатты пайдалану факультетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 25.00.24 – Экономикалық, әлеуметтік және саяси география, 25.00.36 – Геоэкология.

Ғылыми жетекшілер:

1. Скоринцева Ирина Борисовна – география ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, География және су қауіпсіздігі институтының ландшафттану және табиғатты пайдалану мәселелері зертханасының жетекшісі (Алматы қ., Қазақстан);

2. Красноярова Бэлла Александровна – география ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Сібір бөлімшесінің су және экологиялық проблемалар институтының ландшафттық - су экологиялық зерттеулер және табиғатты пайдалану зертханасының жетекшісі (Барнаул қ., РФ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Акиянова Фарида Жианшиновна – география ғылымдарының докторы, профессор, Астана халықаралық ғылыми кешенінің География және табиғатты пайдалану институтының директоры (Астана қ., Қазақстан);

2. Джаналеева Кульчихан Мухитовна – география ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, жаратылыстану ғылымдары факультетінің, физика және экономикалық география кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан);

3. Аскарова Маулкен Акишевна – география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан);

4. Левыкин Сергей Вячеславович – география ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Орал бөлімінің Дала институтының дала және табиғатты пайдалану бөлімінің меңгерушісі (Орынбор қ., РФ);

5. Мусабаева Меруерт Насурлаевна – география ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті физикалық және экономикалық география кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).

 Қорғау 2023 жылдың 20 сәуірінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «6D060900 (8D05202) – География», «6D060800 (8D05207) – Экология», «6D061000 (8D05203) – Гидрология», «6D071100 (8D07301) – Геодезия», «6D090200 (8D11101) – Туризм» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

Басылым күні :  21.03.2023