Тулегенова Малика Аскаровна

6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Тулегенова Малика Аскаровнаның «Графен наноқұрылымдардың негізінде антикоррозиялық қорғаныш жабындылары» диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Арбуз Александр Сергеевич – PhD доктор, Назарбаев Университетінің Ортақ пайдалану кеңсесінің ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының үйлестірушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы 6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы.

2. Дайнеко Евгения Александровна –PhD докторы, қауымдастырылған профессор, АҚ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы). Мамандығы «Радиациялық материалтану».

Ғылыми кеңесшілер:

1. Ильин Аркадий Михайлович – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

2. Гари Билл – физика-химия ғылымдарының докторы, Техас мемлекеттік университетінің профессоры (Сан-Маркос, Техас, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Шункеев Куанышбек Шункеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми орталығының директоры (Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы).

2. Зайцев Сергей Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, Ресей ғылым академиясының Микроэлектроника технологиялары және асатаза материалдар проблемалары институтының Федералдық мемлекеттік бюджеттік институтының бас ғылыми қызметкері (Черноголовка, Мәскеу облысы, Ресей).

3. Брус Виктор Васильевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Назарбаев Университетіндегі физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Астана қ., Қазақстан Республикасы).

4. Божеев Фараби Есимович – техника ғылымдарының кандидаты, Гумбольд ғылыми қызметкері, Helmholtz-Zentrum Hereon (Гестхахт, Германия).

5. Батрышев Дидар Галымович – PhD доктор, қауымдастырылған профессор, АҚ ҚБТУ Ғылым және инновациялар департаментінің басқарушы директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).

Қорғау 2023 жылдың 11 сәуірінде сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D072300 (8D05303) –Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071900 (8D06201) – Радиотехника, электроника және телекоммуникации», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылуэнергетика», «8D01501 – Физика» бағыты, «6D073200 (8D07502) – Стандартизация және сертификация» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/87068089157?pwd=TVY1bkFwbkRVYTV3d1Y4ZnNscVZGdz09

Идентификатор: 870 6808 9157

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы 

Филсофия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  10.03.2023