Дербісалы Бауыржан Оңталапұлы

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Дербісалы Бауыржан Оңталапұлының «Гиперболалық теңдеу үшін асиметриялық сипаттамалық бастапқы-шекаралық есептерінің грин функциясы» («Функция Грина несимметричных характеристических начально-краевых задач для гиперболического уравнения») тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің математика кафедрасы мен математика және математикалық моделдеу институтында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Рамазанов Мурат Ибраевич - физика-математика ғылымдарының докторы, академик Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан). Мамандығы: Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика;

2. Есіркенов Нұрғиса Аманкелдіұлы - PhD Лондон Императорлық колледжі, Сүлейман Демирел атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры (Қаскелең қ., Қазақстан). Мамандығы: Математика. 

Ғылыми жетекшілер:

1. Садыбеков Махмуд Абдысаметович – ҚР ҰҒА академиясының корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық моделдеу институты (Алматы қаласы, Қазақстан);

2. Ашыралыев Аллаберен – физика-математика ғылымдарының докторы, Бахчешехир университетінің профессоры (Ыстанбұл қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Псху Арсен Владимирович - физика-математика ғылымдарының докторы, Қолданбалы математика және автоматика институтының профессоры РҒА ҚБНО филиалы (Нальчик қ., Кабардино-Балкария Республикасы, Ресей);

2. Оспанов Қордан Наурызханұлы- физика-математика ғылымдарының докторы, «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ іргелі математика кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан); 

3. Даирбеков Нұрлан Слямханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Сүлеймен Демирель атындағы Университет (Қаскелең қ., Қазақстан);

4. Нұрахметов Дәулет Болатұлы PhD, Астана Халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылдың 15 наурызы сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы «6D060100 (8D05401) – Математика», «6D070500 (8D06104) – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн және оффлайн аралас формат түрінде өтеді.

Қорғау орны (оффлайн): механика-математика факультеті, 413 ауд.

Күтпеген жағдайға байланысты қорғау мерзімі ауыстырылады. Жаңа қорғау күні туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Қорғау күні 2023 жылдың 10 наурызынан 15 наурызға ауыстырылды.

Zoom конференциясына қосылу (онлайн):

Подключиться к конференции Zoom:

https://us02web.zoom.us/j/83809219311?pwd=eVYvekoyamVkTEFQUUlCTjlwL1RHZz09

Конференция идентификаторы: 838 0921 9311

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  02.02.2023