Шарахметов Саят Ермуханбетович

«8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шарахметов Саят Ермуханбетовичтің «Алакөл бассейніндегі балықтардың қауымдастығы және олардың популяцияларының жағдайы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлама.

Диссертация әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының базасында орындалды.

Қорғау формасы: диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Баринова Гулназ Калдыбаевна – биология ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Аңшылықтану және балық шаруашылығы кафедрасының аға оқытушысы (Астана, Қазақстан). Мамандығы: 03.00.08 – зоология.

2. Мажибаева Жанар Омирбековна - PhD, ЖШС Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, гидробиология және гидроаналитика зертханасының меңгерушісі (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 6D080200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Ғылыми жетекшілер:

1. Мамилов Надир Шамилевич – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан).

2. Лёвин Борис Александрович – биология ғылымдарының кандидаты, РҒА И.Д. Папанин атындағы Ішкі суқоймалар биологиясы институтының жетекші ғылыми қызметкері (Борок, Ресей).

 Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Абдибаева Айгерим Алкеновна – PhD докторы, паразитология зертханасының меңгерушісі, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты (Алматы, Казақстан);

2. Есенбекова Перизат Абдыкаировна - биология ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, Зоология институты (Алматы, Казақстан);

3. Исбеков Куаныш Байболатович – биология ғылымдарының докторы, профессор, ЖШС Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры (Алматы, Қазақстан)

4. Ручин Александр Борисович - биология ғылымдарының докторы, Мордовия Мемлекеттік қорығының директоры (Мордовия Республикасы, Ресей);

5. Тагаев Данияр Аскарович – PhD, жалпы биология және геномика кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Астана, Қазақстан);

6. Юрцева Анастасия Олеговна - биология ғылымдарының кандидаты, РҒА Зоология Институты (Санкт-Петербург, Ресей).

Қорғау 2023 жылы 17 ақпанда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «6D061300, 8D05108 - Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандықтар/ білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84712659534?pwd=dDhLOVo4Q2wrejZXbUVhYXdRN3VDZz09

Идентификатор: 847 1265 9534

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  14.01.2023