Айткулова Акбота Маратовна

«6D060700 - Биология», мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Айтқұлова Ақбота Маратовнаның «Қазақтардың этникалық топтарындағы бассүйек ішіне субарахноидті қан құйылуының молекулярлық-генетикалық предикторлары» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс «QazBioPharm» холдингының ЖШС «Ұлттық биотехнология орталығы» ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасында орындалды.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Масабаева Меруерт Равильевна - медицина ғылымдарының кандидаты, PhD, Семей медицина университеті, Ғылыми зертхана орталығының бас ғылыми қызметкері (Семей қ., Қазахстан). Мамандығы: 6D110100 - Медицина.

2. Исмагулова Гульнара Акимжановна - биология ғылымдарының кандидаты, М.А. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, Бас директордың орынбасары, геном зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Казахстан). Мамандығы: 03.00.04 - биохимия.

Ғылыми жетекшілер:

Жолдыбаева Елена Витальевна - биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «QazBioPharm» холдингының ЖШС «Ұлттық биотехнология орталығы» ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан);

Хоулден Генри - медицина ғылымдарының докторы, PhD, профессор, Лондон университеттік коледжының Неврология институты нейрогенетика зертханасының меңгерушісі (Лондон қ., Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Бекманов Бақытжан Орақбайұлы - биология ғылымдарының кандидаты, Генетика және физиология институты, Бас директорының орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);

2. Искаков Булат Кудайбергенович - биология ғылымдарының докторы, профессор, М.А. Айтхожин атындағы молекулярлық биология және биохимия институты, ақуыз және нуклеин қышқылдары зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);

3. Филипенко Максим Леонидович - биология ғылымдарының докторы, СБ РҒА «Химикалық биология және фундаменталды медицина институты» фармакогеномика зертханасының меңгерушісі (Новосібір қ., Ресей Федерациясы);

4. Тайжанова Дана Жумагалиевна - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды медицина университеті, ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі (г. Қарағанды қ., Қазақстан)

5. Булгакова Ольга Владимировна - PhD, доцент м.а. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, жалпы биология және геномика кафедрасы (Астана қ., Қазақстан)

6. Гриценко Диляра Александровна - PhD, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, молекулалық биология зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2023 жылы 13 қаңтарда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «6D061300, 8D05108 - Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандықтар/ білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/89816417933?pwd=ZWVMK05TSTZOV3g2eHIzWkNrK21ZZz09

Идентификатор: 892 1262 7179

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  09.12.2022