Шормакова Асем Ноябревна

«6D070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Шормакова Асем Ноябревнаның «Ағылшын тілінен қазақ тіліне машиналық аударманың пост-редакциялау үлгілерін, әдістерін және программалық құралдарын зерттеу және өңдеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

 1. Мусабаев Рустам Рафикович – техника ғылымдарының кандидаты, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (Алматы қ., Казақстан). Мамандығы: 05.13.18 – Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалық пакеттер.

2. Самбетбаева Мадина Аралбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан). Мамандығы: 6D070300 – Ақпараттық жүйелер.

Ғылыми жетекшілер:

1. Тукеев Уалшер Ануарбекович – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан).

2. Микел Форкада – PhD доктор, профессор Аликанте университеті (Аликанте, Испания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Пак Александр Александровичт.ғ.к., профессор, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (Алматы, Казахстан)

2. Бекманова Гулмира Тылеубердиевна PhD доктор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан)

3. Сиразетдинов Зиннур Амирович – ф.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер, Тіл білімі және ақпараттық технологиялар зертханасының меңгерушісі (Ресей, Башқұртстан, Уфа)

4. Ергеш Бану Жантуғанқызы PhD доктор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Казақстан)

5. Якунин Кирилл Олегович – PhD доктор, Сәтбаев университеті (Алматы қ., Казақстан)

6. Мухамедиев Равиль Ильгизович – т.ғ.д., профессор, Сәтбаев университеті (Алматы қ., Казақстан).

 Қорғау 2022 жылдың 28 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «6D070300, 8D06101 – Ақпараттық жүйелер», «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (Компьютерлік инженерия), «6D075100 - Информатика, есептеу техникасы және басқару» (Жүйелік инженерия), «6D060200 - Информатика» (Компьютерлік ғылымдар), «6D100200, 8D06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 - Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы/білім беру бағдарла­малары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) түрде өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/81280159400?pwd=Y2Q5ZzZSZTRvSGR6R0UwZ21nZEgxQT09

Идентификатор: 812 8015 9400

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  24.11.2022