Жандыкеева Гульнар Есенбековна

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Жандыкеева Гульнар Есенбековнаның «Ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізу аясындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық саясатының даму үрдісі» («Тенденция развития уголовной политики Республики Казахстан в сфере противодействия организованной преступности») тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны-диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - орыс тілі.

Ресми рецензенттері:

1. Торгаутова Балгын Амирбековна – заң ғылымдарының кандидаты, Алматы Гуманитарлық-Экономикалық Университеті, Педагогика, бизнес және құқық институты, Экономика, қызмет көрсету және құқық кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 12.00.08.;

2. Қаражанов Мәлік Дулатұлы – PhD докторы, Alikhan Bokeikhan Univercity заң факультетінің деканы (Семей, Қазақстан);

Ғылыми кеңесшілері:

1. Атаханова Гульзагира Махатовна – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Сергевнин Владимир - PhD докторы, Батыс Иллиондық университетінің профессоры (Макомб қ., Иллинойс, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Акимжанов Талгат Курманович – заң ғылымдарының докторы, «Тұран» университетінің құқық ҒЗИ «Құқықтану және ХҚ» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан)

2. Аманжолова Ботагоз Атымтаевна – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің заң факультетінің декан орынбасары (Қарағанды қ., Қазақстан);

3.  Бегалиев Ернар Нұрланұлы - әділет кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (Астана қ., Қазақстан);

4. Кленова Татьяна Владимировна – заң ғылымдарының докторы, профессор «Академик С. П. Королев атындағы Самара Ұлттық Зерттеу Университеті» Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі (Самара қ., Ресей Федерациясы).

Қорғау 2022 жылдың 10 желтоқсанында сағат 13:00-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн форматта өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/84396698024?pwd=WVRNZ2RHcDRRQUM0TXZvd2pPcjNVUT09

Идентификатор конференции: 843 9669 8024

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  10.11.2022