Бискультанова Альбина Маулетказыевна

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бискультанова Альбина Маулетказыевнаның «Вето құқығы: Қазақстандық тәжірибе және шетелдік дағды» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі - қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Мырзатаев Нұрмұхамед Дәулеткелдіұлы - PhD доктор, Тұран университетінің құқықтану және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). (14.02.2020 жылғы №258-п бұйрығы) №0000030 ФД);

2. Аюпова Зәуре Кәрімқызы - заң ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құқық кафедрасының профессоры, (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы 12.00.01.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Ахатов Уәлихан Ақыпбекұлы - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Қазақстан);

2. Себастьян Пейруз - PhD доктор, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт халықаралық қатынастар мектебінің халықаралық қатынастарды зерттеу профессоры (Вашингтон қ., Колумбия округы, АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Байкенжеев Ахылбек Спандиярович - заң ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҚК Академиясының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Ибраев Нұрлан Саламатұлы – заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

3. Мұхамеджанов Амонулла Зокирович - заң ғылымдарының докторы, Ташкент заң университетінің халықаралық құқық және адам құқығы кафедрасының профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы);

4. Назаркулова Лаззат Талғатқызы - заң ғылымдарының кандидаты, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті тарих, экономика және құқық факультетінің құқықтық пәндер кафедрасының доценті (Орал қ., Қазақстан)

Қорғау 2022 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-де әл – Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203 - Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн форматта өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/85073022565?pwd=WHphcnBZeHFxK2tSSkRVUFdDUzJNdz09

Конференция идентификаторы: 850 7302 2565

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  10.11.2022