Абдулина Наргиз Альвиевна

«6D020400 – Мәдениеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абдулина Наргиз Альвиевнаның «Жаһандану жағдайындағы қазақ мәдениеті құндылықтарының трансформациялану мәселесі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалуы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Құлсариева Ақтолкын Тұрлыханқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 24.00.01 Мәдениет теориясы мен тарихы. 

2. Наурзбаева Альмира Бекетқызы – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан). Мамандығы: 09.00.13 –Дінтану, философиялық антропология, мәдениет философиясы.

Ғылыми жетекшілер:

1. Абишева Әлия Қажымұратқызы – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан);

2. Ееро Тарасти – философия докторы (PhD), Хельсинки университетінің профессоры (Хельсинки, Финляндия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Кәріпбаев Байжол Ысқақұлыфилософия ғылымдарының докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).

2. Әлімжанова Әлия Шарабекқызы – философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

3. Кәкімжанова Маргарита Қабдулақызы – философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ философия кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан);

4. Қожамжарова Майра Жанайдарқызы – философия ғылымдарының кандидаты, Toraighyrov University философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) (Павлодар қ., Қазақстан).

5. Мадалиева Жаңыл Қайыржанқызы – философия ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры. (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдың 08 желтоқсанында сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ   «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202– Философия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

Басылым күні :  04.11.2022