Ахметова Эльмира Калдыбековна

«8D01110 – Педагогика және психология» - мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ахметова Эльмира Калдыбековнаның «Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беруде мектеп пен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы» тақырыбында диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Заманауи педагогика және психология» кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Атемова Қалипа Тұрсынқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан). Мамандығы: «13.00.01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы»;

2. Оралбекова Алия Құрбанқызы - PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті (Шымкент қ., Қазақстан). Мамандығы: «6D010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі».

Ғылыми жетекшілер:

1. Алметов Нигматжан Шадиметович - педагогика ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің профессоры (Шымкент қ., Қазақстан);

2. Дмитриев Юрий Александрович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (Москва, РФ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Бутабаева Лаура Асқарқызы - PhD, Инклюзивті білім беру орталығының директоры, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (Алматы қ., Қазақстан);

2. Рымханова Айнагүл Рымбековна - PhD, Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының меңгерушісі және қауымдастырылған профессоры, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (Қарағанды қ., Қазақстан);

3. Мажинов Бағдат Молдахметович - PhD, Арнайы педагогика кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

4. Туралбаева Алмаш Турганбаевна - PhD, Бастауыш білім беру бағдарламаларын кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

5. Махадиева Асель Каратевна - PhD, Әлеуметтік ғылымдар факультеті деканының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан);

6. Қалдыбекова Анаргуль Сотбаровна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Жалпы педагогика кафедрасының профессоры, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Ташкент, Өзбекстан).

Қорғау 2022 жылдың 16 қарашасы сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қарамағында құрылған «Әлеуметтік ғылымдар және білім беру», «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану», «6D090500, 8D11401 - Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 - Педагогика және психология», «6D050200, 8D03104 – Саясаттану» мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/87204476425?pwd=Q3FXRHRlQjF1aEJhN1VWY1l6M050dz09

Конференция идентификаторы: 872 0447 6425

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  13.10.2022