Кайранбаева Назым Нургельдиевна

«8D02208 – Түркітану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кайранбаева Назым Нургельдиевнаның «Қисса-и Джанкнаме-и Рисале-и Шах-и Мардан» қолжазбасының тілі» тақырыбындағы диссертацияны қорғау туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің түркітану және тіл теориясы кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы – филология ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, Ғылыми бөлім басшысы, «Түркітану және Алтайтану» ғылыми орталығының жетекшісі. Мамандығы: 10.02.06 – түркi тiлдерi (Орал қ., Қазақстан).

2. Әуесбаева Пакизат Теңізбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: 10.01.09 – фольклортану (Алматы қ., Қазақстан), ғылыми бағыты қолжазбаға байланысты.

Ғылыми жетекшілер:

1. Зубайда Шадкам – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түрксой кафедрасының доценті, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан).

2. Нуреттин Демир (Nurettin Demir) – философия ғылымдарының докторы, Хаджеттепе университетінің профессоры, Қазіргі түркі тілдері мен әдебиеттері кафедрасының меңгерушісі (Анкара қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.  Муминов Аширбек Курбанұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы жанындағы «Ислам Тарихы, Өнері мен Мәдениетін Зерттеу Орталығы»-ның (ИРСИКА) Бас директордың бағдарламалар бойынша кеңесшісі (Ыстамбұл қ., Түркия).

2. Есенова Қалбике Өмірбайқызы – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

3.  Нурдаулетова Бибайша Ильясовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы (Ақтау қ., Қазақстан).

4.  Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

5.  Туна Йылдыз – доктор PhD, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті, Әдебиет факультетінің оқытушысы (Анкара қ., Түркия).

Қорғау 2022 жылдың 09 қараша күні сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021200, 8D02208 – Түркітану, 6D020700 – Аударма ісі, 6D021300, 8D02303 – Лингвистика» мамандықтары/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/87391925813?pwd=eHRxNG5NdmdGL0RnSHBWZzErK3Z1Zz09

Идентификатор: 873 9192 5813

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  05.10.2022