Сарсембаев Руслан Меиржанұлы

6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сарсембаев Руслан Меиржанұлының «Қазіргі замандағы діни плюрализм жағдайындағы ислам» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану кафедрасында орындалды.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Құсайынов Дәуренбек Өмірбекұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры. Мамандығы: 09.00.13 – Дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы.

2. Окан Самет – философия докторы (PhD), Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан, «6D021500 – Исламтану» мамандығы.

Ғылыми жетекшілер:

1. Рысбекова Шамшия Саидғалиқызы – философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан);

2. Мохд Рослан Бин Мохд Нор – философия докторы (PhD), Исламтану академиясы Ислам тарихы және өркениеті кафедрасының доценті, Малай университеті (Куала-Лумпур, Малайзия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Кәріпбаев Байжол Ысқақұлы – философия ғылымдарының докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).

2. Бектенова Мадина Кенесарықызы – философия докторы (PhD), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қоғамдық-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері (Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан).

3. Қабиденова Жұлдыз Дүйсенбайқызы – философия докторы (PhD), Toraighyrov University Қазақстан тарихы кафедрасының доценті (Павлодар, Қазақстан).

4. Тутинова Нұргүл Ерқанатқызы – философия докторы (PhD), Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды, Қазақстан).

5.   Құсбеков Думан Кәрібекұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Қазақ теxнология және бизнес университетінің қауымдастырылған профессоры (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдың 7 шілдесінде сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202– Философия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде етеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/82339380319?pwd=d3lHNWF5RGw5M3gyQkkxWFZmbWVNdz09

Идентификатор: 823 3938 0319

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  07.06.2022