Арыстамбекова Динара Дандыбаевна

«6D061000 - Гидрология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Арыстамбекова Динара Дандыбаевнаның «Қазақстанның жазық өзендеріндегі көктемгі су тасу кезеңінің ағындысын есептеу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы туралы хабарлама.  

Диссертация әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы: диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: қазақ.

Ресми рецензенттер:

1. Байшоланов Сакен Советович – география ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана" халықаралық ғылыми кешені" жеке мекемесінің география және табиғатты пайдалану институтының бас ғылыми қызметкері. Мамандығы: 11.00.09 - Метеорология, климатология және агрометеорология (Нұр-Cұлтан қ., Қазақстан);

2. Садвакасова Салтанат Рагимовна - география ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің физика және экономиялық география кафедрасының доцент м.а. Мамандығы: 25.00.27 – Жер гидрологиясы, су ресурстары және гидрохимия (Нұр-Cұлтан қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілері:

1. Давлетгалиев Сакен Каламкалиевич - география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және гидрология кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

2. Хани Абу Кдайс (Hani Abu Qdais) - PhD, Иордан ғылыми-техникалық университетінің су және экологиялық инжиниринг профессоры (Ирбид қ., Иордания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Муканов Ерболат - PhD, "Қазгидромет" РМК агрометеорологиялық мониторинг және болжам департаменті агрометеорологиялық болжам басқармасының бастығы (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан);

2. Гафуров Аброр – PhD, Неміс Жерді зерттеу орталығының ғылыми қызметкері GFZ, (Потсдам қ., Германия).

3. Жулиев Мухиддин КомиловичPhD, «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің «Экология және су ресурстарын басқару» кафедрасының постдокторанты (Ташкент қ., Өзбекстан);

4. Алдиярова Айнура Есиркеповна - PhD, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, «Су ресурстары және су пайдалану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

5. Маштаева Шамшагуль Ибрагимовна - география ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің физика және экономиялық география кафедрасының доцент м.а. (Нұр-Cұлтан қ., Қазақстан)..

Қорғау онлайн форматта 2022 жылдың 23 маусым күні сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 8D05202 (6D060900) - География; 8D05207 (6D060800) -Экология; 8D05203 (6D061000) - Гидрология; 8D07301 (6D071100) - Геодезия; 8D11101 (6D090200) - Туризм мамандықтар тобының диссертациялық кеңесінде жүргізіледі.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81387453288?pwd=VEM5RDJXeFdYcTREclE5YlBFemR4Zz09

Конференция идентификаторы: 813 8745 3288

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Филсофия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  23.05.2022